Бумеранг Тренинг Орталығы

* 25 жыл ағылшын тіліне оқытамыз;
* қазіргі таңда бізде 382 курсант оқиды;
* 7 оқытушы Cambridge English Language Assesment сертификатымен сертификатталған;
* Кембридж емтихандарына даярлау орталығымыз;
* "Oxford Uniersity Press" баспасының бағдарламасын пайдаланамыз ;
* білім беру лицензиясы және тіркелген тауар таңбасы бар;
* жеке мультимедиялық аудиториялар! 

html templates

Таңғажайып команда

Біз қызметкерлерімізді ұлттық немесе жыныстық айырмашылығын қумай, құқықтарына қысым жасамай, тең құқылық негізінде, біліктілігін және кәсіби біліктіліктерін негізге ала отырып іріктейміз. Әрбір қызметкерге өзінің біліктілігін үздіксіз арттыру мүмкіндігі, жұмыс істеуі үшін қажетті шарттар және оның орындалғаны үшін әділ сыйақы беріледі. 

Валерий Лазурин

Директоры, PhD

Асем Сейсембекова

Директорының орынбасары

Айжан Момышева

Бас бухгалтер

Ирина Кисерядова

Оқытушы

Айман Шайкенова

Оқытушы

Евгения Лобанова

Оқытушы

Айжан Нурахметова

Оқытушы

Анара Жантурсынова

Оқытушы

Оқу бағдарламасы

Өз жұмысымызда әрбір оқушының жасы мен ағылшын тілін білу деңгейіне қарай жеке таңдалатын "OxfordUniversityPress" баспасының бағдарламасын пайдаланамыз. Олар біз әрбір жеке, оның жасы мен курсант қарай таңдап алынады. Бағдарлама бойынша оқыту ұзақтығы бір деңгейде - 1 оқу жылы.

7-10 дейін

11-14 дейін

15-18 дейін

Жиі қойылатын сұрақтар:

Әдетте, сабақтар 1 қыркүйектен басталады және 31 мамырда қорытынды емтихан тапсыра отырып, сертификат табыстаумен аяқталады. Сабақтардың жиілігі -кәдімгі бағдарламалар бойынша аптасына 2 рет, және CAMBRIDGE ENGLISH бағдарламасы бойынша КЕТ емтиханын тапсыратындар үшін бір қосымша сабақ жүргізіледі, Сабақтар жұп сабақ негізінде өткізіледі, бір сабақ 45 минуттан құралған екі жұп сабақтан тұрады.

Біздің сабақ кестеміз оқушылардың қай ауысымда оқитытына қарамастан, мектептегі өз сабақтарына үлгеретіндей етіп құрастырылған.
1 жұп сабақ: 08.40 - 10.15
2 жұп сабақ: 10.25 - 12.00
3 жұп сабақ: 14.40 - 16.15
4 жұп сабақ: 16.25 - 18.00

Оқу құны бағдарлама мен деңгейге, қатысқан сабақтардың санына байланысты академиялық сағатына 500-ден 800 теңгеге дейін ауытқып отырады.
Төлемақы нақты қатысқан сабақтарға, ай сайынғы түбіртекке сәйкес беріледі.
Алдын-ала төлеу жоқ.  

Компанияның, оқушыларды ағылшын тілін үйренуге ынталандыратын, тұтас жүйесі бар, атап айтқанда:
*Әр сабақ сайын, оқушы орындаған жұмысы үшін пенс және фунт алып отырады. Жылдың соңында жиналған пенс және фунттар тенгеге айналдырылады. Бұл келесі оқу жылындағы оқудың ақысын төлеуге мүмкіндік береді.
* Екі немесе одан да көп бала оқытатын ата-аналар, ай сайын әр балаға 10% жеңілдік алып отырады.
* Бір айдағы сабақтарға толық қатысқан оқушы тағы да 10% жеңілдік алады. 

Сабақтарды, кәсіби білімін кембридж сертфикаттарымен ТКТ (Teaching Knowledge Test) растаған, мұғалімдер өткізеді. Барлық оқу сыныптары 12 адамға арналған және мультимедиялық оқыту құралдарымен, оқу процесін толығымен жазып алатын бейне бақылаумен жабдықталған. Бұл әкімшілпен бақыланып, ай сайынғы әдістемелік семинарларда талқыланады.

Оқу сапасы және оның нәтижесі : мұғалімнің дарыны мен оқушының ынтасынан құралады. Оқыту сапасының мониторингі кезең-кезеңмен жүзеге асады:
- ай сайын оқушы аттестациядан өтеді , нәтижесі (үлгерім және сабаққа қатысу) төлем түбіртегінде көрсетілген;
- жыл соңында, оқушылар қорытынды аттестациядан өтеді, ағылшын тілінің 4 дағдысының нәтижесі сертификатта көрсетіледі;
- дайындығы жеткілікті болған жағдайда, (кемінде үш жыл), оқушылар кембридж емтиханын KET(Key English Test) тапсыра алады. Еуропа Кеңесімен бекітілген халықаралық деңгей шкаласына сәйкес , КЕТ сертификаты А2 (Pre-Intermediate) деңгейіне сәйкес келеді . 

Курсқа жазылу:

Курсқа жазылу өте жеңіл, ол үшін оң жақтағы үлгіні толтырып, “Жіберу” деген батырмаға басасыз. 


Компанияның менеджері жұмыс уақыты аясында сізге хабарласып, сабақ кестесі мен барлық сұрақтарға жауап береді.